Палуандар Хельсинкиде Олимпиада ойындарының соңғы жолдамаларын сарапқа салуда


Ұлттық құрама бапкерлері онда Әлем чемпионаты мен Астанада және Тайван қалаларында өткен іріктеу сындарында жолдама ала алмаған үш спортшыға сенім артуда. Олар әйелдер күресінен Айым Әбілдина (55 кг) және грек-рим күресінен Марат Кәрішалов (55 кг) пен Алхазур Оздиев (96 кг). Ел намысын қорғайтын бұл спортшылар Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының жолдамасын иелену үшін үздік үштіктің қатарына енуі керек.