Палуанымыз Ақжүрек Таңатаров Лондон Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды

66 келіде өнер көрсететін жерлесіміз бүгін қытайлық Катаи Ерланбиекені, екінші кездесуінде үндіс Кумар Шишилді тізе бүктірді. Қазір ол алтын үшін өзбек Ихтиор Наврузовпен боз кілемге шығады деп күтілуде. Шешуші белдесудің нәтижесіне қарамастан, Ақжүрек Лондон жолдамасын еншіледі.

Ал 81 кг салмақта отандасымыз Семен Семенов Олимпиада лицензиясына қол соза алмады.