Памир тауында 63 гектар орман алқабы қалпына келтірілді

Таулы Бадахшан автономиялық облысының Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының жетекші маманы Шакарбек Юсуфбеков хабарлағандай, абаттандыру жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 наурызында басталған. "Осы уақыт ішінде 562 мың ағаш егілді. Оның 104 мыңы жеміс ағаштары. Сәндік ағаштар елді мекендерде жолдардың және арналардың бойына отырғызылды", - деп хабарлады ол.