"Тәжіктелеком" компаниясының Таулы Бадахшандағы бөлімшесінің бастығы Сафар Мулкамоновтың хабарлауынша, сымсыз телефон байланысының станциясын Қытайдың ZTI және "Тәжіктелеком" компанияларының мамандары орнатқан. Қажетті құралдарды Қытай компаниясы ұсынған.
Сымсыз телефон желісіне қосылу 16 сомони тұрады. Хорогта қазірдің өзінде 250 мен 430 сомони аралығында сымсыз телефон аппараттары сатыла бастады.
$1 = 3,4279 сомони.