Пан Ги Мун: БҰҰ құндылықтарын насихаттауда Н.Манделадан асқан ешкім болған жоқ

«Біздің заманымызда Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарын насихаттауда, алға жылжытуда Нельсон Манделадан артық ешкім еңбек еткен жоқ. Ол бүкіл әлемге әділдік пен адамгершілік үшін біріккен ел қашан да арман-мұратына жететінін көрсетті», - деді Пан Ги Мун.

Нельсон Манделаның о дүниеге аттанып кеткені туралы суық хабар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Руанда мен бұрынғы Югославия елдерінің мәселелерін талқылап жатқанда келді. Отырыс сол жерде тоқтатылып, отырысқа қатысушылар Н.Манделаны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске сала кетейік, 95 жастағы Н.Мандела бүгін, яғни 6 желтоқсанда Йоханнесбургтегі өз үйінде өмірден өтті.