Пан Ги Мун Дін лидерлері жұмысына ризашылығын білдірді

бүкіл əлемнен Қазақстанға жиналып отырған Дін лидерлерінің 2003 жылдан бері жасап жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, БҰҰ олардың айтқандарына қашанда қолдау білдіретіндігін айтты.

- Барлық дінді жамылып жасаған қылмыстар бүкіл дінге қарсы жасалған қылмыс болып табылады. Мен сіздердің айтқандарыңызға аса үлкен мəн беремін, құрметтеймін. Сіздер толеранттылықты дамытуда, бірігу жолында үлкен істер атқарып келе жатырсыздар. Біз БҰҰ платформасын осы діни лидердердің айтқанына қолдау көрсету үшін пайдаланып келеміз. Жəне экстремизм мен терроризмге қарсы тойтарыс беруге үндеп келеміз. Осындай бейбіт инклюзивті қоғам құру жолында күресіп отырмыз. Əлемнің осы түкпірінде осындай преметивті дипломатияны дамыту жолында діни лидердердің арасында диалог дамытылып отыр.

Осындай жаһандық күш-жігерді біріктіру үшін мен Бас Ассамблеяның осы жылдың соңында өтетін 70-сессиясында іс-қимыл жоспарын ұсынатын боламын, - деді БҰҰ Бас Хатшысы. Ақпарат 

http://www.today.kz/ сайтынан алынды.