Пан Ги Мун: "Астанадағы әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының алдағы құрылтайын маңызды тілқатыс алаңы"


Қ.Тоқаев Пан Ги Мунға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада биыл 10-11 маусымда өтетін әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының V құрылтай жұмысына қатысуға шақыруын тапсырды, делінген сенаттың бүгінгі хабарламасында.
«V құрылтайға Сіздің тікелей қатысуыңыз бүкіл халықаралық қауымдастыққа діни иерархтар мен саясаткерлер тарапынан келісімді іс-қимыл мен өзара қолдау болған жағдайда адамзат қазіргі ғаламдық әлем қауіп-қатеріне тиімді түрде қарсы тұра алатыны туралы айқын белгі беретініне сенімдімін», - дейді Қ.Тоқаев.
БҰҰ Бас хатшысы қазақстандық ұлтаралық және ұлысаралық бейбітшілік пен келісім үлгісін жоғары бағалады және Н.Назарбаевтың ұсынысымен шақырылған діни форум маңызды, әрі тиімді тілқатыс алаңы болып табылатынын атап көрсетті.
Пан Ги Мунның айтуынша, БҰҰ құрылтайды қолдайды және әлемдік қоғамда форумның міндеттері мен мақсаттарын ілгерілету мақсатында Қазақстанмен ынтымақтастық жүргізеді.
Сенат спикері Қазақстан БҰҰ-ның өркениетаралық тілқатысты ілгерілету жөніндегі сан қырлы қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Мұнымен қоса, Қ.Тоқаев Нью-Йоркте БҰҰ жоғары лауазымды қызметкерлерімен, ірі қор басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.