Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы журналист Сандуғаш Дүйсенованың Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды! Күдікті жергілікті бөлімдегі әскери қызметші болуы мүмкін", – деп жазды  журналист желіде.

Осы оқиғаға қатысты Панфилов ауданының білім бөлімі өкілдері пікір білдірді.

"Кәмелетке толмаған оқушыға қатысты жасалған қылмыс туралы 15 желтоқсанда белгілі болды. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық жауапты тұлғаға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауында", – деді білім бөлімі өкілдері.