Видеода танымал әншінің қызы әкесінің биін қайталап, пародия салғанын көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Көпшілік "Папа бүйтіп билейді ғой" деген кішкентай қыздың қылығына сүйсініп, "Әкесін айнытпай салып тұр", "Көз тимесін" деген пікірлерін жазуда.
Еске салсақ, Нұрболат Абдуллиннің биі желіде біраз талқыға түсіп еді. Көпшілігінің сынына да ұшыраған.