Папа Франциск биыл Боливия, Парагвай, Эквадор, ЦАР, Уганда және АҚШ-та болып қайтпақ


деп хабарлады АП агенттігі.
Боливия президенті Эво Моралес биыл шілде айында елге понтификтің келетіндігін растады.
"Шілде айында Рим папасы келеді, бұл әзірге ресми емес, ауызша ғана келісім, сонымен қатар ол Парагвай мен Эквадорға бармақ. Әзірге мұнда қанша күн болатындығын білмеймін, бірақ біз Папаның сапарына дайындықты бастадық”, деді Э.Моралес журналистерге.
Сонымен қатар, қыркүйекте понтифик АҚШ-қа бармақ.