Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Әкем өзінің заманындағы ең адекватный, жаңа заманның адамы. Өз заманынан 30 жыл бұрын ерте келіп қойған сияқты. Мысалы, папаммен секс туралы сұрақ қойып, сөйлесетінбіз. Жыныстық қатынас туралы еш алаңсыз айтатынбыз. Тұрмысқа шығар кезде біз бәріміз, анамыздан бұрын әкемізге айттық. Әкем өмір бойы бастық болған адам. Үйге келеді костюмін шешеді, тамақ жасайды, еден жуады, ыдыс жуады. "Әйелім жұмыстан келеді, демалу керек" дейді. Әйел мен еркек бірге ақша табатын болса үйдің жұмысын да бірге жасап, бірге демалу керек дейтін. Ол бізге әрдайым солай айтып, үлгі көрсететін", - деді коуч Ару Сағи.
Loading...