Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға екі жылға жуық басшылық еткен 42 жастағы Игорь Скворцов былтыр желтоқсан айында парамен ұсталған. 230 мың теңгені подполковник онсыз да науқас жігітке әскерге жарамсыздығы туралы куәлікке айырбастамақ болыпты. Бірақ жоспары іске аспай, қылмыс үстінде құрықталған. Өзгелеріне сабақ болсын деді ме, процесс әдеттегідей сот залында емес, құлқыны кең шендінің өзі жетекшілік еткен комиссариатта өтті. Оған Алматыға қарасты барлық қорғаныс күшінің өкілдері бірі қалмай қатыстырылды.
Мұхамаджан Пәкірденов, Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы:
- Осындай қылмыстар осы салада, атап айтқанда қорғаныс істері жөніндегі қызметте болмас үшін осындай көшпелі мәжілісті өткізуді жөн көрдік. Барлығы сабақ алар деген ойдамыз.