Пара алып жатқан сәтінде тағы бір шенеунік ұсталды


Қаладағы құс өндірісін дамытпақ болған кәсіпкер әкімдікке құжаттарын тапсырыпты. Ал жауапты бөлім бастығы келісімге қол қою үшін 3 млн теңгенің 10 пайызын өзіне беруді талап еткен. Бұған көнбеген кәсіпкер қаржы полициясына арыз түсірген. Сөйтіп келісілген соманы өз кабинетінде санап отырған шендінің қолына кісен салынды. Келісімін 300 мың теңгеге бағалаған күдікті қазір абақтыда отыр.