Пара алып жатқан жерінен ұсталған Текелі әкімі аппаратының басшысы өзенге секіріп кетті (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша Қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

«Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болып, өзенге секіріп, жүзіп өтпек болған. Сонымен бірге, ол өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, ол оқиға орнында ұсталды», - делінген агенттік таратқан хабарламада.