Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын осылайша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөліміне (автокөлікті мас күйінде айдау) сәйкес қозғалған әкімшілік іс материалын сотқа жолдамауды шешпекші болған.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлімі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте табандылық танытқаны үшін А.Өтешов сыйақымен ынталандырылатын болады.