Параканоэші Жалғас Тайкенов Қазақстан тарихындағы алғашқы Азия чемпионы атанды

Спортшы қорытынды айналымда 200 метрлік KL-3 жіктелімінде ирандықтан озып, алтын жүлдеге ие болды. Құрлықтық чемпионаттың қола жүлдесін тайлық спортшы қанжығасына байлады, деп хабарлайды Stan.kz.

Азия чемпионаты Таиландта өтті. Сайыста Азияның 10 мемлекетінен 75 атлет бақ сынады.

«Параканоэ Паразиаттық ойындар бағдарламасына енген. Ендігі Жалғас 2018 жылы Индонезияда өтетін жарыстарға дайындалады», – деп жазды Оңтүстік Қазақстан еспелі спорт түрі бойынша федерациясының президенті Денис Жарменов әлеуметтік желіде.

Жалғас Тайкенов – Қазақстандағы параканоэ ойын түрінің алғашқы ашушысы. Қазіргі уақытта спортшы Оңтүстік Қазақстандағы еспелі мектепе жаттығу үстінде. Жалғас 5 жасында көлік апатына түсіп, сол аяғынан айырылған екен.