2013 жылғы 14 ақпанда түнде Писториус құрбысын ұры деп ойлап, жабық тұрған дәретхана есігіне бірнеше рет оқ атқан.
Сот сейсенбі күні Писториусқа қатысты іс бойынша оны біріншіден, заңсыз қару сақтап, оны қоғамдық орында қолданғаны үшін және екіншіден, абайсызда кісі өлтіргені үшін айыптады.
Айта кетейік, Оскар Писториус - паралипиада ойындарының алты дүркін чемпионы, ол кәдімгі спорттық жарыстарға (яғни, тек мүмкіндігі шектеулі жандар спортына ғана емес) да қатысқан.