Парамен ұсталған Мұрат Оспанов қашып кетпек болды


Бірақ біраз қарсыласыпты. Сөйтіп етпетімен жерге құлап өзі де, оны ұстамақ болған жедел уәкіл де жеңіл жарақат алған. Осы жарақатты алға тартқан Оспанов қаржы полициясының қызметкерлері ұрып-соқты деп адвокаты арқылы елді дүрліктерген еді. Кейін өзінің қасақана қашпақ болғанда  құлағанын айтып, алғашқы сөзінен айнып шыға келген. Ал іске белсене кіріскен адвокатының айтуынша, Мұрат Оспанов 300 мың доллар пара алмаған. Қаржы полициясына ұсталған кезде, шенеунік әлдебір досынан ұлының тойына деп мол ақшаны қарызға алып жатқан көрінеді.