Парамен ұсталған Талғар қаласының экс-әкімі шартты жазамен құтылды


Естеріңізге салсақ, Жұматай Қасымбаев сәуір айында пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Құлқыны кең шенді сауда нысанына жер телімін сұраған кәсіпкерден 850 мың теңге талап еткен. Әкімнің қолына кісен тура өз кабинетінде салынды. Талғардың алдыңғы екі әкімі де араға жыл салып, бірінің артынан бірі ақшамен ұсталғаны оған сабақ болмаса керек. Бірақ аяқасты жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен Қасымбаев ақыры шартты жазамен құтылып отыр. Негізі аса ірі көлемде пара алды деген айыппен кемі 7 жылға темір торға тоғытылуы тиіс болатын.