”Парик киген түрің құрысын” - Сәуле Әбілдаханқызы “Эйр Астана” басшысы туралы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Неменеге стратегиялық компанияны шетелдікке беріп қойған деп ойлаушы едім. Бұл құрғыр нән саудагер семья эйрастананы да шетелдікке сатып жіберген екен… шетелде тіркелген екен, шетелге салық төлейді екен…. бірақ біз, қазақ бейшара, қазақ бюджеті, қазақ мемлекеті қаржыландырады екен… Бұл рас болса, онда сорлы үкімет біткен екен…. жалпы бізде үкімет жоқ деуге болады екен….

Біресе сойған түлкідей ыржиып, біресе миығынан күліп отырған бұл итке "абориген емеспіз" деп айғайлағанша, алдымен стратегиялық нысаныңды қолынан жұлып алмайсыңдар ма? Бұл депутаттар сол мәселені көтермей ме? Қандай жолмен берілді, қандай құжаттар негізсіз жасалды, қандай жолмен кері тартып алуға болады - соны зерттеп, сауатты түрде, заңға сүйеніп қуып шықпайсыңдар ма? (Аборигендерді төмендеткенше…) Ол қолдарыңнан келмей ме, осы мазақ болғаның болған…

Эйр-астанаға бойкот жарияла, тіпті, мүлде әуе жолдарын жауып тастаңдар, если на то пошло…. мысқылдағанын көрер едік сонда…. миллиардтарды бұл қазақтан емес, қазақ бұдан алып отырғандай одолжение жасайды ғой өзі…. қазақ еліне де, мемлекетіне де, 99 депутатыңа да итпісің, кісімісің деп отырған жоқ қой… қазақтың құлдық психологиясын 20 жылда әбден зерттеп, біліп алған қожайын да…

Парик киген түрің құрысын. Не мынау, өлген қойдың жүніндей ұйысқан… Ақыры киген соң тәуірін, тірі шаштай әдемісін, толқынды бұйрасын, жалтыр басыңды дұрыстап жауып тұратындай молынан пішілгенін сатып алып кимейсің бе, ақшаң пішен боп шіріп жатыр ғой”, - деп жазды журналист.