Париж-2024: Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионын жеңді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді. 

Есеп - 3:1.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық  сынына өту үшін бар күшін салады. 

Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады.