Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсететін болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар Олимпиаданы «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.

Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиаданың сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Жазғы Олимпиада кезінде «Қазақстан телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі