"Париж - Астана - Пекин" экораллиі 2008 жылдың күзінде өтеді

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, кездесуде қала әкімі "Париж - Пекин - Астана" бағытынде көлік жарысын өткізу жөнінде Францияның көлік министрі Доминик Бюсердің ұсынысына қолдау көрсетті. Бұл жарысқа экологиялық отынды пайдаланатын көліктер ғана қатысатын болады.

Аталған раллиді биылғы жылдың күзінде өткізу көзделген. Жарыстың мақсаты - қоғам назарын экология мәселесіне назар аудару.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, жарысқа қатысатындар бірқатар қалаларды басып өткенімен, раллидің атына тек Астананы қосуды жөн көрген.

Д. Бюсердің пікірінше, Қазақстан экология мәселесіне көп көңіл аударуда. Сондықтан ралли жарысының атына Астананы қосу орынды.

"Астана раллидің бастапқы мәре басы болғанын қалаймыз. Турне қатысушылары халықаралық экологиялық семинарлар мен тренингтерді өткізу үшін бір күнге тоқтайды", - деп атап өтті Д. Бюсеро.

Бас қосуда айтылғанындай, қазақ-француз қатынастарындағы тиімді жобалардың бірі көлік инфрақұрылымы болуы мүмкін. Екі жақ бірлесіп жеңіл шойын жолмен жүретін трамвай жасауға алдын ала уағдаласты. Француз компаниялары Қазақстанға осы салада өздерінің үздік жобаларын ұсынуға дайын.