Париж мэрі қызметіне Анн Идальго сайланды

ол сайлаушылардың 54,5% дауысына ие болды.

Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

А.Идальго осы қызметке сайланған алғашқы әйел болып отыр. Ол өз қарсыласы Натали Костюшко-Моризеден 9 % артық дауыс жинады.

А.Идальго Парижді он үш жыл бойы басқарған Бертран Деланоэнің орнын алмастырады.