Өтемұратов арифметикасы.
Сөйтіп, Қазақстанның теннисшілері төрткүл дүние көз тіккен төрт жылдықтың басты бәсекесінде түк тындырмай қайтып барады, деп жазды журналист Оңғар Қабден. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.
- Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды.
- Бублик жекелей сында алғашқы айналымда жеңіліс тапты.
- Александр Шевченко бірінші айналымында ұтылды.
- Елена Рыбакина Парижге бармай қойды, білесіздер.
- Ал Парижге барып, дайындық жасап жүрген Юлий Путинцева жарысқа қатыспады.
Рыбакина да, Путинцева да денсаулықтары жарамайтынын айтты.
Қазақстан теннис федерациясын ұзақ жылдардан бері олигарх Болат Өтемұратов басқарады. Әлгі жеме-жемде «бронхы» ауырып қалатын Рыбакинаны аттай қалап, Ресейден алдыртқан да осы Өтемұратовтың өзі еді. Өтемұратов бірдеңе деп, түсініктеме берер деп отырмыз…
Әйтпесе, өзгелерін айтпағанда, дәл Рыбакинаның Парижге бармай қалуы – Өтемұратовтың жеке арифметикасы деген пікірлер де әсте-әсте айтылып қап жатыр", - деді ол.