Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, үш дүркін Азия чемпионы Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтағанын Instagram парақшасында хабарлады.
"Мен кәсіби мансабыммен қоштасамын. Бұл мен үшін жай ғана спорт емес, өмірімнің бір бөлігі болды.
Айта кетейік, Эльжана Таниева мансабында үш рет Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, алты күміс және үш қола медаль еншіледі. Ол екі мәрте Азия ойындарының күміс жүлдегері болды. Сондай-ақ, түрлі халықаралық турнирлердің жүлдегері. Париж Олимпиадасында гимнаст 13-орын иеленді.