Париж қаласының тұрғындары қазақтардың мәдениетімен және тұрмысымен танысады

Сонымен қатар, сапар барысында Париждің мәдени және білім беру нысандарын, көрікті жерлерін аралау көзделген. Париж қаласының тұрғындары «Қазақ ауылы» экспозициясында ата-бабаларымыздың  көшпенділердің мәдениетімен және тұрмысымен, Қазақстанмен етене танысады. 

«Азия дауысы» гала-концерті де есте қаларлық оқиға болмақ. Ол әйгілі «Опера Бастилия» театрының сахнасында қойылады. «Астана Опера» театрының әртістері осы сахна төрінде өнер көрсететін алғашқы шетелдік ұжым болмақ. 

 «Астана Опера» театрының жеке солисті Жұпар Ғабдуллина, сондай-ақ, шақырылған қонақтар Денис Мацуев, Елдар Әбдіразақов, Алан Бөрібаев, Ержан Құлыбаев, Альберто Газале, «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен хор кештің көркін келтірмек.