20 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері Парижде бас қосты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Содырлардың Рамадиді басып алуы - коалиция серіктестеріне қазіргі стратегия осал екенін көрсетті.
Ирак премьер-министрі Хайдер Абади де Франция астанасына келді.
Келіссөздерге қатысуды жоспарлаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Парижге велосипедтен құлап, аяғын сындырып алғандықтан келе алмады.