Парижде Дариға Назарбаеваның "Вальстың әдемі үні әлі есімде" атты қайырымдылық концерті өтті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "шетелде еліміздің оңды имиджін нығайтуы мен француз әлеуметін Қазақстанның мәдениетімен таныстыруына арналған осы концерт Париж қаласының ортасында орналасқан Келісім алаңындағы Францияның "Automobile Club" әйгілі дегдарлы меншік клубының концерттік залында өтті".

"Қазақстан примасы қазақ ұлттық әндерін, ескі орыс романстары мен атақты опера арияларын өзіндік нақышпен шырқау арқылы тыңдаушыларды еліктіріп әкетті",- делінген хабарламада.

Концерт тыңдаушылар Д.Назарбаеваның орындауында "Қарағым-ай", "Гүлдерім-ай", "Әл қоңыр", "Желсіз түнде" деген қазақ әндерін, Г.-Ф. Гендельдің, К.-В. Глюктің опералық туындыларын тыңдап, Қазақстандық шеберлердің өнеріне шынайы терең таңданысын білдірді.

"Қазақстандық әртістер орындаған атақты шығармаларды көрермендер ду қол шапалақпен қарсы алды. Бауыржан Исаев пен Арман Тілеубергеновтің айқын және әртістік камералық дуэті Қазақстанның вокалдық мектебін жоғары бағалаудағы сыналған француз қауымына енжар қалуға мүмкіншілік бермеді. Қазақстанның белгілі пианисі Тимур Урманчеев орындаған А.Скрябиннің этюдтері тыңдаушыларды тебірентті",- деп хабарлайды Қазақстанның Франциядағы елшілігі.

Концерттік кештен соң көрермендер қазақ ұлттық тағамдарының дәмін татты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті