«Экспо-2020» өтініш беру комитеті» баспасөз қызметі мәлімдегендей, «ЭКСПО-2020» астанасы жасырын дауыс беру арқылы таңдалады. Мұның алдында көрме өткізу құқығынан үміткерлердің барлығы ХКБ-ға мүше 167 ел делегаттары үшін өз өтінімдерінің қорытынды таныстырылымдарын өткізеді.
Дауыс беру бірнеше кезеңмен өткізіледі. Егер елдердің бірі бірінші немесе екінші кезеңде 2/3 дауысқа ие болса, жеңімпаз аталады. Соңғы кезеңде көп дауысқа ие болған кандидат жеңімпаз аталады.