«Қазақстан күні» ауқымды бағдарламасының аясында меймандар қазақ халқының қонақжайлылығымен таныса алды. Француздар үшiн арнайы ұлттық нақыштағы әшекейлермен безендірілген киiз үй орнатылды. Ал бүлдіршіндер үшін қазақ мультфильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды, сондай-ақ олар қазақ музыкасымен танысып, түрлі сурет үйірмелеріне қатысты.
«Қазақстан күнi» шарасы жергілікті жұртшылықты тамсандырған домбыра, қобыз және сыбызғы ұлттық музыкалық аспаптар шеберлерінің концертiмен аяқталды.
«Бұл шаралар мәдени қарым-қатынастарды және екi ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарды байытуға мүмкiндiк бердi, сонымен бiрге француздардың Қазақстан жайлы, оның халқы мен даму деңгейi және дәстүрлері туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік берді», делінген хабарламада.