Париж Олимпиадасына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.
Аталған ақпарат «Чиновник» telegram-каналында пайда болды. Артынша ақпаратты Туризм және спорт министрлігі растады. Е.Хайруллин Алматыдан барған делегацияның құрамында болған.
Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.