Парижден Каирге бағыт алған EgyptAir ұшағы Жерорта теңізіне құлаған - БАҚ


"Egyptair әуе компаниясының дереккөзі ұшақтың Жерорта теңізіне құлағанын растады", - деп хабарлады телеарна Twitter аккаунтінде. Айта кетейік, болжам бойынша, Airbus A320 бортында 58 жолаушы және бірнеше экипаж мүшесі болған.

Ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/world_news/parijden-kairge-bagyit-algan-EgyptAir-ushagyi-jerorta-tenzne-269804/