Оның айтуынша, биылғы жылдың 23-қазанында компания 230 млн. теңге (1,6 млн. доллар) көлеміндегі айыппұлды төледі, сондай-ақ, 582 млн. теңге көлеміндегі (4,3 млн. доллар) кедендік алымдардың жартысын өтеп берді.
Сондай-ақ, ақпарат көзінің хабарлауынша, компания кедендік алымдардың қалған бөлігін төлеуге келіспей отыр, соған байланысты таяу уақыттарда осы мәселе бойынша сотқа шағым түсірмекші.
Кедендік бақылау департаменті өкілінің айтуынша, Parker Drilling компаниясынан төлем тапсырмалары келіп түсе бастауына байланысты Сұңқар бұрғылау баржасы тұтқыннан босатылып, барлық шектеулер алынды. Жуырда Сұңқар бұрғылау қондырғысы Каспийдегі бұрғылау жұмыстарын жалғастыру үшін Баутино айлағынан буксирмен шығарылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Agip KCO консорциумы мен Parker Drilling сервистік компаниясы арасындағы келісім-шартқа 1999-жылы қол қойылған. Шарт мерзімі 2003-жылдың ақпан айында аяқталуына байланысты Маңғыстау облыстық кеден мекемелері Сұңқар бұрғылау баржасын солтүстік Каспийдегі Баутино айлағына сүйреп апарған. Келісім-шарт мерзімі мен салық жеңілдіктерін пайдалану құқығының аяқталуына байланысты Маңғыстау облыстық соты 2004-жылдың ақпан айында Parker Drilling сервистік компаниясына мемлекеттік кіріске 582 млн. теңге (4,3$) кедендік алым мен 230 млн. теңгенің (1,6 млн.$) айыппұлын төлеуді міндеттеген.