Заңды бекітуді қолдап 64 мәжіліс депутаты , сенаттың 34 депутаты дауыс берді. Мәжілістің 3 депутаты заңды бекітуге қарсылық білдірген.
2003-жылғы республикалық бюджет мынадай көрсеткіштермен қабылданды :
бюджеттің кіріс бөлігі 710,2 млрд. теңге , шығыс бөлігі 793 млрд.теңге , ал бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге көлемінде бекітілді .
Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 миллиард теңге зейнетақы бағдарламасын жүзеге асыруға, ал 45,7 миллиард теңге даму институттарын құруға жұмсалады.
Бекітілген заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.