Парламент 2004-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

Бұл шешімді сенаттың 33, мәжілістің 58 депутаты қолдап дауыс берді. Мәжілістің бір депутаты қарсы дауыс берсе, мәжіліс пен сенаттың бір-бір депутаты қалыс қалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджет мынадай көрсеткіштермен қабылданды : жалпы түсімдер көлемі 934,3 млрд. теңге (Жалпы Ішкі Өнімнің 18,4 проценті), бюджет шығындары 1 027 млрд. теңге. Бюджет тапшылығы 92,7 млрд. теңге мөлшерінде жоспарланды.