Бұл шешім үшін сенаттың 31, мәжілістің 62 депутаты дауыс берді. Мәжілістің екі депутаты қарсы шықты.
Сонымен бірге парламент республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің баяндамасын бекітті. Бұл шешім үшін сенаттың 31, мәжілістің 62 депутаты дауыс берді. Мәжілістің бір депутаты қарсы шықты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы жалпы түсім мөлшері 978,4 млрд. теңге болып, жоспардың 104,7 процентін құрады. 2004-жылы республикалық бюджет шығындары 995,6 млрд. теңгеге орындалып, жоспардың 96,9 процентін құрады.
Бюджет тапшылығы Жалпы Ішкі Өнімнің 0,3 проценті немесе 17,3 млрд. теңгені құрады.