Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың журналистерге берген түсініктемесіне сәйкес, бюджеттің шығыс және кіріс бөліктері бірдей тиісінше 3,7 млрд. теңгеге азайтылды. "3,7 млрд. теңге рыноктарда интервенция жасау үшін ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің кірісі мен шығысында бірдей қарастырылған болатын. Алайда, қазіргі жағдайда бұл тетік жұмыс істемегендіктен, шығыс пен кірістің қай-қайысын да 3,7 млрд. теңгеге азайттық",- деді министр.
Нәтижесінде, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бюджеттің кіріс бөлігі 1 трлн. 245 млрд. 300 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 18,9%-і, шығыс бөлігі 1 трлн. 359 млрд. 300 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 20,7%-і көлемінде бекітілді.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, Инновациялық қордың жарғылық капиталын арттыруға бағытталған қаржы көлемі 2,5 млрд. теңгеге, Жоғарғы сотқа қатысты бағдарлама қаржысы 45 млн. теңгеге азайтылды. Сонымен қатар мемлекеттік қарыздарды өтеуге бағышталған шығындардың көлемі 2 млрд. теңгеге азайтылып, үкіметтің резерві 2,1 млрд. теңгеге ұлғайтылды. 500 млн. теңге "төтенше жағдайларға қатысты проблемаларға деп" Алматыға трансферт түрінде, 300 млн. теңге Семейде көпір салуға, 140 млн. теңге Қазақ музыка академиясына, оның 40 млн. теңгесі ғимаратты салып бітіруге, 100 млн. теңгесі музыкалық аспаптарды сатып алуға арнап бөлінбек. Сонымен бірге Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 12,2 млн. теңге арналып отыр.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, әлеуметтік бағыттағы кейбір төлемдерді арттыруға қатысты депутаттардың ұсыныстары 2006-жылға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау барысында қаралатын болады.