Парламент 2006-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулердің жобасын 20-маусымда алғашқы оқылымда қарамақшы

“14-маусымда біз заңның жобасын мәжілістің жалпы отырысында қараймыз. 20-маусымда заң жобасын бірлескен отырыста қарау туралы сенатпен келістік”,- деді К.Сағадиев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджетке енгізілген өзгепістерге сәйкес үкімет 2006-жылы әлеуметтік блок шығындарын 3,8 млрд. теңгеге арттырды.

Атап айтсақ, күш құрылымдарының зейнеткерлеріне төленетін зейнетақы мөлшерін түрлі деңгейде көтеруге ағымдағы жылдың бюджетінде 2,6 млрд. теңге, азаматтардың түрлі категорияларына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге 777,8 млн. теңге қосымша қарастырылған.

Сондай-ақ, 2006-жылғы республикалық бюджетке енгізілген өзгепістерге сәйкес, 2011-жылы Алматыда Азия ойындарын өткізуге дайындық шаралары аясында спорт нысандарын салу мен жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 1 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

700 млн. теңгені 3-ші жылу электр орталығын салу мен 2-ші жылу электр орталығын ұлғайту жобаларын жүзеге асыруға Астананың бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару межеленген.

2006-жылғы республикалық бюджеттің түсімдерінің жалпы көлемі 1 трлн. 510 млрд. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің 17,3%-ін құрайды. 2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 518 млрд. теңге (Жалпы ішкі өнімнің 17,4%-і ), бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4% болмақ.