Парламент 2006-жылғы республикалық бюджетті алғашқы оқылымда қабылдады, екінші оқылым 9-қарашаға белгіленді

Бұл шешім үшін сенаттың 38, мәжілістің 68 депутаты қолдап дауыс берді.

Парламент заң жобасын екінші оқылымда 9-қарашада қарайды. Оны екінші оқылымға дайындау үшін келісім комиссиясы құрылды. Комиссияны сенат депутаты Мүсірәлі Өтебаев басқарады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ.
Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жылғы көрсеткіштен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірісінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.
2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.