Парламент 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бұл шешім үшін мәжілістің 60, сенаттың 36 депутаты дауыс берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті