Бұл заң ғылыми, мәдени, тарихи және қаржылық орталық ретінде Алматы қаласын одан әрі дамытуға бағытталған.
Заң жобасын палата отырысына таныстырған Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновтың айтуынша, қаладағы құрылыс проблемасын жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамыту жолымен шешуге болады. "Бүгінде Алматы маңында жеке меншік құрылыс мақсатына 17 мың жер учаскесі бөлінген. Қаладағы тұрғын үй тапшылығы проблемасын осы учаскелерді үймен толтыру арқылы шешуге толық мүмкіндік бар",- деді әкім. Сондай-ақ, оның хабарлауынша, 2010-жылға дейін Алматыда тозығы жеткен және апатты жағдайдағы үйлерді бұзуға, сондай-ақ, көп қабатты жаңа тұрғын үйлер салуға арналған 765 млрд. теңгені игеру қажет.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.