Парламент Алматыдағы аймақтық қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша зңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

"Заң жобасымен үш заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ондағы мақсат - қор биржасының коммерциялық ұйым түрінде жұмыс істеуіне жағдай жасау және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың акцияларының қоржынына иелік етушілердің аясын кеңейту, қазір жұмыс істейтін брокерлік және дилерлік ұйымдарды қаржы орталығының қатысушысына айналдыру және олар үшін аккредитациялау процедураларын қарастыру, акционерлік қоғамдардық іс-қызметін реттетін нормаларды үйлестіру",- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті