Парламент Алматыдағы хореграфиялық училищені техникамен жабдықтау үшін грант тарту жөнінде Жапониямен келісімді бекітті

Келісімнің мақсаты - Алматыдағы хореграфиялық училищенің білім беру кешенін материалдық- техникалық тұрғыда жабдықтау болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру - еңбек нарығында сұранысқа ие орта кәсіби білімі бар хореграфиялық өнер саласы мамандарын дайындауды жетілдіре түсуге септігін тигізеді.

Қазақстан үкіметі мен Жапония үкіметі арасындағы келісімге 2006-жылдың 14-наурызында Астанада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті