Парламент Армения үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

"Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімнің ережелерінде екі жақты қарым-қатынаста халықаралық автотасымалға рұқсат алмау жүйесін енгізу және тарап-мемлекеттің аумағы арқылы транзитті өтуге, сондай-ақ, үшінші елдерге тасымал жасау қарастырылған.

Келісімге 2006-жылдың 6-қарашасында Астанада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті