Парламент БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітті

Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.

Сондай-ақ, депутаттар "Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын адам саудасының, әсіресе әйелдер мен балаларды саудалаудың алдыен алу мен жолын кесу, сондай қылмыс үшін жаза жүктеу жөніндегі хаттаманы бекітуі туралы" заң жобасын мақұлдады.

Бұл хаттаманың мақсаты адам саудасының алдын алу және онымен күрес, құл саудасы құрбандарына көмек көрсету, сондай-ақ, қатысушы мемлекеттер арасындағы осы мақсатқа жетудегі ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Мәжіліс сондай-ақ, " БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады".