Caravan Logo

Парламент Даниял Ахметовты үкімет басшысына тағайындауға келісім берді

Парламент Даниял Ахметовты үкімет басшысына тағайындауға келісім берді

Парламент палаталарының бірлескен отырысында бұл шешімді мәжілістің 73, сенаттың 36 депутаты қолдап дауыс берді. Бір адам қалыс қалды.

Д.Ахметов 1954-жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар индустриалдық институтын тәмамдаған, мамандығы - құрылысшы-инженер, экономика ғылымдарының кандидаты. 1993-1997-жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі, 1997-99 жылдарда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 1999-жылдың қазан айынан 2000-жылдар аралығында ҚР үкімет басшысының орынбасары орынтағында өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация, көші-қон және демографиялық саясат мәселелерін жауаптанды. 2000-жылдың желтоқсан айынан 2001-жылдың қарашасы аралығында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болды. 2001-жылдың қараша айынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды.