"Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне байланыс саласында ауыл тұрғындарын телефонмен қамтамасыз ету саласындағы деңгейді 2012- жылдың 1-қаңтарына дейін әрбір 100 адамға шаққанда 34 кем болмайтын көрсеткішке, 2008 жылдың 1 маусымына дейін ауылдық жерлерді телефонмен қамтамасыз етуді аяқтауға нұсқау береміз", - деп мәлімдеді бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта тьең баяндамамен сөз сөйлеген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Бобров.
Депутаттар сонымен қатар Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне "ұялы телефон байланысын 2010-жылға дейін, ал Интернет қызметінің құнын 2009 жылға дейін дамыған елдердің тарифтері деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Депутаттардың пікірінше, "тарифтерді мемлекет тарапынан реттеуді қамтамасыз ету немесе барлық байланыс операторлары үшін белгілі дәрежедегі алымдар белгілеп, оны 2009 жылға дейін кедейлерге мақсатты өтемақыға жұмсау қажет".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті