Парламент депутаттары Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау бағдарламасын қабылдауды талап етеді

"Депутаттар Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау және жалпы экологиялық ахуал жөнінде бағдарлама жасау қажет деген пікірге келді. Депутаттар бұл жөніндегі ұсынысты үкіметтің қарауына ұсынбақшы", - деп мәлімдеді сенаттың аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Есжанов сенбі күні Щучинск- Бурабай дауажай аймағында өткен "дөңгелек үстел" барысында.

Сенаттың тағы бір депутаты Светлана Жалмағамбетованың пікірінше, "ең алдымен көлдерді тазарту керек". Оның пайымдауынша, сондай-ақ, кәріз жүйесін тартып, көмірмен жұмыс істейтін барлық қазандықтардан бас тартып, бір ғана экологиялық таза қазандық орнатып, көлдерді қорғауды күшейту үшін экологиялық полицияны күшейту қажет. " Щучинск- Бурабай дауажай аймағындағы көлдердің ластануын тоқтату үшін бұл жерде инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеу керек, ал қазіргі көмірмен жұмыс істейтіндердің орнына экологиялық қауіпсіз қазандықтар салуға 2,5 млрд теңге қажет", - деді депутат.

Щучинск- Бурабай дауажай аймағында 21 көл бар. Олардағы ластану деңгейі шектеулі мүмкін нормадан біршама жоғары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті