Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тиісті түзетуді депутат қазіргі уақытта парламент мәжілісінің қарауында жатқан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына енгізген.
Бүгінде ұялы байланыс қызметінде SMS-хабарламаларды жастар көп пайдаланады. Мемлекеттік тілдің ұялы байланыста қолданыс табуы жастар арасында қазақ тілінің тартымдылығы арттырып, соның нәтижесінде тілдік ортаның кеңеюіне септігін тигізеді",- дейді мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов.
Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы бойынша жасақталған мәжілістің жұмыс тобы аталмыш ұсынысқа қолдау білдірген.